Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында үш ағайынды сиыр сатамын деп ажал құшқан базарда ұрлық өршіп тұр

Алматы облысында мал саудасымен айналысқан үш ағайындының өліміне базарда ұрылардың қаптауы себеп. Қандықол қылмыстан кейін саудаға шығуға жүрегі шайлығып қалған саудагерлер осылай деп отыр. Олар Ұзынағаштағы мал базарын ұрылардың бұрыннан жағалап жүргенін айтады. Суық қолдылардың құныққаны сонша, төрт түліктен түскен қыруар қаржыны әрбір сауда сайын қағып әкете береді екен. Ал соңғы рет қарақшылардың малды иесімен қоса ұрлап кеткені мәлім, деп хабарлады КТК арнасы.

мал базары

Мәйіті тауда табылған үш ағайынды – Жарқынбек, Қаділбек және Мұқият соңғы рет осы базардан кеткен. Қазір мұнда мал саудагерлерінің ірі қарамен келуге жүректері шайлығып қалған. Өйткені ұрылар тым еркінсініп кетіпті. Себебі, сол ағайындылар жоғалар күні мұнда тағы 15 тұяқ ұрланған.

«Осыған  қарақшылардың қатысы бар деген күдігіміз бар», – дейді саудагер Кәрімхан Нәби.

Ағайындылармен бірге мал саудасымен айналысқандар мұнда әр базар болған сайын ұры-қары қарық болып қайтады дейді. Онда да миллондап олжалайды екен. Мәселен, Есболат Мағаздың қарақшылар бір ай бұрын бақандай 4 миллион теңгесін базар ішінде қағып кеткен.

«Осы базардың ішінде  оншақты адамбар.Саудагерлерді аңдып, ақша ұрлайды. Бұл өткен жылдан басталған», – дейді саудагер Есболат Мағаз, саудагер.

Өздерінің айтуынша, Ұзынағаштағы мал базарында ақшасын ұрлатпаған адам жоқ екен. Полицияға шағымданғанымен, бірде-бірін тауып бермеген. Ақыры қолын бір сілтеп, арыз жазуды да қойыпты.

Саудагер Әділ Қызырұлы: «Былтыр күзде 840 мың теңге ақша жоғалды машинадан», – десе, Саудагер Саяхат Салтанатұлы:

«Малды сатып 870 мыңды алдын-ала төлем ретінде алғанбыз. Қалғанын кейіннен алатын болдық. Осы ақшаны тура қалтамыздан қағып кетті», – дейді.

Сорақысы сол, бұл оқиғалардың бірі де камераға түспеген.

Қырық бас сиырмен жоғалып, артынша өлігі табылған үш бірдей арыстай азамат Жарқынбек, Қаділбек пен Мұқиятты соңғы рет куәгерлер сенбі күні таңғы сегізде көрген, ал күндізгі сағат 11-лерде сиырлар тиелген жүк көлігі базардан сыртқа шығып кеткен. Бірақ өкінішке қарай базар аузында тұрған 6 бірдей камераға ол үш азамат та олардың сиырлары да, оларды алып кеткен күдіктілердің бірі де түспепті.

Камераға түспегенімен, күдіктілердің бірі – Талғат дегенді саудагерлер танып қойыпты.

«Талғат деген жігітті өзі «ұры» деп айтады. Інісі отырып келген 15-16 жыл», – дейді саудагер Есболат Мағаз.

Ағайындылардың өлімінен кейінде мал базарында сақтық шаралары күшейтілмепті.

«Өздері жауап береді ғой. Келген адам өзінің мүлкіне малына  ие болады. Оған жауап бере алмаймыз біз», – дейді базар күзетшісі Еркін Жұмабаев.

Осылай деп күлген күзет ірі қара сататындардың қауіпсіздігіне жауап бермейміз деп отыр. Есесіне, әрбір мал басына, оны алып келген көлікке де 700 теңгеден салық жиналады екен.

Мал сатып қаза тапқан азаматтың баласы қылмыскерлерді ату жазасына кесуді сұрады.

Жіберіп алмаңыз: 

Ақтауда көзіме шөп салды деп күмәнданған ер адам әйелін пышақтап тастаған

Ақтөбелік ер адам өзінің нашар күйеу екенін айтқан көрші әйелді пышақтап өлтірді

Жаяу жүргіншіні қағып кеткен айтыскер Айнұр Тұрсынбаеваның қызы болып шықты

Талқылау