Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысы тұрғыны полиция қызметкеріне күш жұмсағаны үшін жауапқа тартылды

Талғар қаласындағы мектептердің бірінде директордың кабинетінде шу шығарған әйел өзін тыныштандырмақ болған Талғар АІІД ювеналдық полициясының инспекторына күш қолданды.

әкімшілік  жауапкершілік

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл оқу мекемесінің полиция капитаны шеніндегі мектеп инспекторы ашуға булыққан әйелді ақылға келтіріп, мектептен шығармақ болған. Алайда ол полиция қызметкеріне қол жұмсаған.

Мектеп инспекторы агрессия танытқан әйелді жақын полиция бөліміне жеткізді.

Қазіргі кезде Талғар АІІД-нің қызметкерлері ұсталған әйелге қатысты ҚР ҚК-нің 380-бабы («Билік өкіліне қатысты күш қолдану») бойынша сот алдындағы тергеу амалдарын бастады.

Талқылау