Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысы аумағында тікұшақ апатқа ұшырады

Алматы облысы Ескелді ауданы мен Ақсу ауданы аумағында тікұшақ апатқа ұшыраған. Қазіргі уақытта Төтенше жағдайлар қызметі, Ішкі істер органы бастаған бірнеше құзырлы мекеме,  осы  уақытта іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Vertolet-Mi-razbilsya-v-Kazah

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Бірақ, ешбір ресми мекеме апаттың қалай болғанын, тікұшақтың қай ауыл маңында құлағанын, қай мемлекеттік мекеме немесе жеке компанияға тиесілі екенін анықтап айтпады. Ал, тікұшақ құлағаны туралы ақпараттың түскенін Алматы облыстық Төтенше жағдайлар қызметі растап отыр.

“31 арнаның” құқық қорғау органдарындағы жеке дерек көздерінің мәліметінше, тікұшақпен Ескелді ауданына қарасты Молалы ауылы маңында 16 сағат 55 минутта байланыс үзілген. Тағы бір сенімді ақпарат көзінің айтуынша, тікұшақ Үшаралдан ұшып шыққан. Ішінде кәмелеттік жасқа толмаған баласы бар әйел болуы ықтимал. Борттағы ұшқыштармен қосқанда, тікұшақта 3 немесе 4 азамат болған деген нақтыланбаған ақпарат бар. Қазіргі уақытта Ескелді, Ақсу аудандарының маңын қарап шығуға барлық күштік құрылымдар мен жедел қызметтер жұмылдырылған. Ескелді және Ақсу аудандары – Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласына ең жақын аудандар.

Талқылау