Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында тікұшақ сынықтарын тапқан еріктілер мән-жайды айтып берді

Мақсат Летов пен Әділет Қожахметов тікұшақ апаты болған жердегі құтқарушыларға өз еріктерімен көмектесуге барған. 7b64543c5c38ceb10c7a9cec972082a7

Бұл туралы Информбюро хабарлайды.

«Апат орын алған сәтте біз оның тікұшақ екенін бірден білдік. Дереу жүгіріп барсақ расында да тікұшақ екен. Шашылып жатыр. Бағанаға соғылғаны айқын аңғарылады», – дейді Мақсат.

Бұған дейін, Қапал елдімекенінен 3 шақырым қашықтықтағы бұрылыста таңғы сағат 8-дер шамасында сайдан тікұшақ сынықтары табылғаны туралы хабарланған еді. Тікұшақ бортында болғандардың барлығы қайтыс болған. Қозғалған қылмыстық іс негізінде оқиға орынында жедел-тергеу тобы іс-шаралар кешенін жүргізіп жатыр. Тікұшақ құлаған жерге ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко ұшып келген.

Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК 344 бөліміне сәйкес сотқа дейінгі зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Іздеу жұмыстарына 18 топ атсалысқан. ҚР ІІМ, Ұлттық гвардия және жергілікті атқарушы органдар тарапынан барлығы 500 адам мен 70 техника жұмылдырылған. Ресми құтқарушыларға – жергілікті тұрғындар, шопандар және аңшылар да ерікті ретінде қосылған.

«Ескелді және Ақсу аудандары аралығында жүргізілген іздеу жұмыстары кезінде ауа-райының қолайсыздығы біраз кедергі болды. Қалың қар түсіп, температура төмендеп кетті», – деп хабарлаған құтқарушылар.

Еске сала кетейік, тікұшақ бортында ауыр жағдайдағы сәбиді қосқанда 5 адам болған. Олар 27 қаңтар күні Үшарал қаласынан Талдықорғанға қарай ұшып шыққан. Алайда діттеген мекенге жете алмай, апатқа ұшыраған.

Талқылау