Бопсалаушылық әрекеттерімен күдіктелген облыстық «Дзюдо федерациясының» басшысы ұсталды

Сейсенбі, 14 Маусым , 2016 14:27

Алматы облыстық «Дзюдо федерациясы» бірлестігінің президенті бопсалаушылық әрекеттерге күдіктелуде.

9673348

Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлайды.

Мәлімет бойынша, 36 жастағы «Дзюдо федерациясының» басшысы жергілікті кәсіпкерден мүлік пен ақша бопсалаған деп күдіктеліп жатыр. Оны «Арлан» арнайы бөлімінің жауынгерлерімен бірлесіп Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ұстаған.

«2016 жылдың сәуір айында Жамбыл ауданының полиция бөлімшесіне жергілікті кәсіпкер азамат арызданған. Оның арызы бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта күдіктінің екі айға қамауға алу шешімі мақұлданды.
«Айғақ зат ретінде жәбірленушіге тиесілі “Toyota Land Cruiser” көлігі тергеліп жатыр». – дейді баспасөз қызметіндегілер.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар