Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы метросында пойыздардың жүру кестесі өзгереді

Алматыда жаз мезгілінде жолаушылар санының азаюына байланысты, Алматы метрополитені жаңа жұмыс тәртібіне көшеді. Бұл туралы метрополитеннің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Алматы метросында пойыздардың жүру кестесі өзгереді

1 маусымнан бастап Алматы метрополитені пойыздар қозғалысының жазғы кестесіне көшеді.

«Әдетте жаз мезгілінде Алматы метрополитенінде жолаушылар легі азаяды. Осыған байланысты пойыздардың жүруінің жаңа кестесі енгізіліп отыр. Ендігі сағат 06.30-дан 9.20-ға дейін,  17.00-ден 20.00-ге дейін пойыздардың жүріс аралығы 10 минутты құрайтын болады. Басқа уақыттарда жүріс аралығы тиісінше 13 минутты құрайды», – делінеді хабарламада.

Ал демалыс күндері электропойыздардың жүріс аралығы 13 минутты құрайды.

Оқи отырыңыз:

Екі сағатқа сұранған: Қарағандыда ауыр дертке шалдыққан сәбиді ата-анасы тастап кетті

Өскемен тұрғындары автобус астына түсіп көз жұмған 9 жасар қыздың қазасына қайғырып, ойыншық апарып жатыр (фото, видео)

Қостанайда газ құбырының шұңқырынан өлі табылған ер адамға қатысты жаңа мәліметтер пайда болды

Баланы саясатқа айналдырмаңдар: Белгілі журналист абайлық 7 жасар баланың ісіне қатысты былықтың шетін ашты

Талқылау