Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы метросында бомба бар деп дүрліктірген баланың ата-анасына ірі айыппұл салынуы мүмкін

Алматы метросында бомба бар деп елді дүрліктірген жеткіншек миллиондап айыппұл төлеуі мүмкін. Өйткені жалған ақпар бойынша бір нысанды тексеруге кететін шығын ең кемі 500 мың теңге. Ал кеше кешкісін қаладағы 9 бірдей бекет түгел тексерілген. Бұл туралы КТК хабарлайды.

met2

Кеше кешкісін 112 нөміріне суыт хабар түскен болатын. Полицейлер дереу қауіпсіздік үшін метродағы бүкіл жолаушыларды сыртқа шығарған. 9 бекетті 4 сағатқа жуық тексерген мамандар қауіпті ештеңе таппапты. Ал қылжақбастың өзін бір сағатқа жеткізбей анықтаған. Ол Алматы облысы Сарқанд ауданының 9 жастағы тумасы.

Қазір осыған қатысты қылмыстық іс қозғалған. Негізі мұндай жалған ақпарат үшін 6 жыл жаза кесіледі. Ал қоңырау шалған бала әлі кәмелетке толмаған. Енді оның мәселесін сот шешуі тиіс.

“Қылмыстық әрекеттерді тексеру барысында суыт хабарды мемлекет тарапынан тексеруге жұмсалған қаржы-қаражатты, шығын мөлшерін өтеу сот арқылы көзделуі мүмкін”, – деді Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Еске сала кетейік,  кеше сағат 19-дар шамасында полицияға анонимді телефон хабары түсіп, метро стансаларына жарылғыш зат қойылғаны туралы айтылған. Осыдан кейін полиция метродағы барлық жолаушыларды эвакуациялады.

Оқи отырыңыз:

8 жасар қызды педофилден құтқарған оқушы тегін оқудан бас тартты

Талдықорғандағы Назарбев мектебінде 18 оқушы астан уланып қалды

Жамбылда шетел жүргізушілерін тонаған полицейлер сотталды

Үйлері су астында қалған ақтөбеліктер биліктен жаңа пәтер талап етіп жатыр

Талқылау