Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы мен Шымкенттің арақашықтығын қысқартатын жол пайдалануға берілді

Жақында Алматы мен Шымкенттің арақашықтығын 20 километрге қысқартатын жол ресми түрде пайдалануға берілді. Қордай асуының айналма жолы екі жағынан да ашық. Бұл туралы Otyrar.kz басылымына сілтеме беріп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Жөндеудің бірінші кезеңінде жолдың Алматыдан Шымкентке алып баратын бір айналма бөлігін жасау қолға алынған. Жұмысшылар оны 2014 жылы бастап, 2017 жылы аяқталған. Жолдың екінші бөлігі 2018 жылдың 31 қазаңында ресми түрде пайдалануға берілді.

“ҚазАвтоЖолдың” баспасөз-қызметі берген мәлімет бойынша, Қордай асуын айналып өтуге мүмкіндік беретін жаңа бағыт Жамбыл облысы, Қордай ауданынан өтеді. Сарыбұлақ, Бетқайнар, Қордай және Алға деп аталатын халық қоныстанған жерлерді артқа қалдырады. Осы арқылы жүргізушілерге жолды 20 километрге қысқартуға мүмкіндік береді. Шымкент-Алматы жолында Қордай жолының қашықтығы 100 км, айналма жолдыкі 80 км.

Бастысы — айналма жол қыста Қордай асуына кірмеуге, 143 км және 218 км арасындағы жермен жүрмеуге мүмкіндік береді. Осы жерде көктайғақтың, қатты желдің салдарынан суық күндері көліктер бір-бірімен жиі соғысып жатады.

 

Талқылау