Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы мен Қапшағай жолы бойында жоғалып кеткен жігіттің мәйіті табылды

23 маусым күні Қапшағайдан Алматыға жолға шығып, сол күйі жоғалып кеткен 27 жастағы Арман Құдышев өлі күйінде табылды.

rc4wsN3TKJE

vk.com

Оның денесі Алматының Спасская көшесінен табылған. Өзімен бірге құжаттары болған. Әзіргі оның өлімінің себебі анықталған жоқ.

«Сырттай қарағанда денесінде зорлау белгілері жоқ. Бірақ бұл әлі нақты емес. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Түркісіб аудандық ІІД тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр», – дейді Алматы қаласының ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Айта кетейік, Алматы облсының тұрғыны Арман Құдышев 23 маусым күні Қапшағайдан Алматыға жолға шығып, сол күйі жоғалып кеткен. Оның жақындары әлеуметтік желіде оған іздеу жариялаған еді.

Жіберіп алмаңыз:

Алматы облысында жұмбақ күйде жоғалып кеткен медбикенің өлі денесі табылды

Клубтан шыққан күйі із-түзсіз жоғалып кеткен бойжеткеннің өлі денесі табылды

Ерасыл Әубәкіровтің өліміне қатысты тың деректер пайда болды

Талқылау