Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы мектептерінің бірінде алты бірдей оқушы істі болды

Алматы мектептерінің бірінде алты бірдей оқушыға төменгі сынып оқушыларынан ақша бопсалады деген айып тағылып отыр.

1441162483kk2y3

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Алматыдағы нөмірі 45 мектептің алты бірдей оқушысы “ақша бопсалады” деген айыппен істі болды. Олар, өздерінен бір сынып төмен оқитын балаларға әлімжеттік жасап, ақша жинап отырған.

“Бостандық ауданында 2000 жылғы балалар төменгі сынып оқушыларынан бопсалап ақша жинап келген. Олардан зәбір көрген балалардың заңды өкілдері тарапынан түскен шағым негізінде іс қозғалып, сотқа жетті”, – деді Бостандық аудандық прокуратурасының прокуроры Ақжол Шакретов.

“Қылмыс жасаған адам жасына қарамастан, сотталады. Сотталмас бұрын, тергеу изоляторына қамалып, жауапқа тартылады”. Осылай деген құзырлы орган өкілдері мен полиция қызметкерлері, оқушыларға уақытша тергеу изоляторын көрсетіп, оларға қылмыстық жауапкершілік туралы түсінік берді.

“Мен бүгін тәртіпсіздіктің жақсылыққа апармайтынын тереңірек түсіндім. Қылмыс жасағандарды қамайтын мына жер тым қорқынышты, әрі суық екен. Мен адамдарға деген, қыдыруға деген пікірлерімді өзгерттім”, – дейді 8-сынып оқушысы Сабрина Төреева.

Бүгінгі күні Алматының тек бір ғана ауданында жасөспірімдер арасындағы 12 қылмыстық іс тіркеліп, оның төртеуі сотқа жеткен. Екі оқушы балалар колониясында жазасын өтеп жатыр. Айта кету керек, жоғары сынып оқушыларының төменгі сынып балаларынан “ақша бопсалау” дерегі көп мектепке тән жағдай. Тек шағымданушы болмағандықтан, іс қозғала бермейді. Ал, “ақша бопсалады” деген алты баланың ісі 2014 жылы тіркеліпті.

Кәмелетке толмаған оқушылардың ісі сотқа жетіп, оларға үш жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасы шартты түрде кесілді. Прокуратура бұрынғы фактіні неге көтеріп отыр? Өйткені, бұл іс басқа оқушыларға сабақ болса деген пікірде. Себебі, ақша бопсалау – қай жаста да, қылмыс.

Оқи отырыңыз:

Баспанасын бұзуға келіспеген Астана тұрғынының үйі мен пәтері бар болып шықты

Қазақстанда өз пәнінен тест тапсырған мектеп мұғалімдерінің 70%-ы төмен балл жинаған

Аянышты тұрмыс: 3 мың отбасы балаларымен қоқыс арасында өмір сүруде (фото)

Қазақстанда полицейлер қағаз хаттама толтырмайтын болды (видео)

Талқылау