Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы маңында “Скат” ұшағының апат болуына авикомпанияның ұшу қызметі директорын айыптады

Әуе кемесінің командирі отадан кейінгі тексеруден өткізілместен ұшуға жіберілген. Авиакомпания ұшқыштардың еңбек және демалу режимдерін сақтамаған.

02493f35f8260a8b6faaea18e2b_4

Бұл туралы республиканың Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлайды.

ҚР бас көлік прокуратурасының хабарлауынша, 2013 жылы қаңтарда Алматы маңында SCAT авиакомпаниясының CRJ-200 ұшағының апат болу себептерін тексеру жұмыстары аяқталды.

2013 жылы қаңтар айында апат болған «Авиакомпания «СКАТ» АҚ-ның «CRJ-200» маркалы ұшағының әуеде апат болуына байланысты Қазақстан Республикасы Бас көлік прокуратурасының арнайы прокурорының басшылығындағы Тергеу тобымен тексеру ісі аяқталды. Аталған әуеапатында 16 жолаушы мен 5 экипаж мүшелері қайтыс болған еді.

Әуеапатын зерттеуге шетелдік жіне отандық әуемамандарымен бірігіп, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Комиссиясы апаттың орын алу болжамының барлық себептері тексерілді.

Апаттың негізгі себебі – ол күтілген қиын метерологиялық жағдайда ұшу экипажының екінші айналымға жерүстіне қараумен байланысты көзбен көру мүмкіндігінсіз кетуі сипатындағы дұрыс емес әрекеттері, ұшақтың жоғары алуы үшін штурвалды «өзіне қарай» әкелмеуі.

Әуе кемесінің командирі ұшақты басқармаған. Бұл кезде ұшар алдында жерүстіне жақындағандықты білдіретін борт компьютерінің ескерту дабылы қосылған. Екінші ұшқыш, құрылғылардың параметрлеріне бақылау жасамай, диспетчермен радиобайланыс орнатпақшы болған.

Тексеріс кезінде ішкікабиналық коммуникативтік өзара байланыстың жеткіліксіз болғаны, олардың борткомпьютерінің ескертуіне әрекет етпегендері, ұшу құрамының медициналық тексеруден өтпегендері анық болды. Тіпті, әуе кемесінің командирі отадан кейін реабилитациялық кезеңді күтпей және тексеруден өтпей ұшуға бел байлаған.

Апаттың болуына себепші болған экипаж мүшелерінің қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс қысқартылды. Олар қозғалыс қауіпсіздігі мен әуе көлігін эксплуатациялау ережесінің бұзылуына жол берген.

Экипаш мүшелерінің ғана емес, Авиакомпанияның ұшу жұмысын жеткіліксіз ұйымдастыруда да себеп-байланыстар бар.

Сонымен қатар, ұшқыштар шетелдік оқу орталығында білім алған.

Авиакомпанияның ұшу қызметінің директоры осы аталғандарға жауапты болды.

2015 жылдың 10 желтоқсанында ҚР ҚР 344 бабының 3 бөлімі бойынша Авикомпанияның ұшу қызметі директорына қатысты қылмыстық іс Алматы қаласы Алмалы аудандық сотына қаралуға жолданды.

Талқылау