Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы күніне орай Қазақстандағы ең көп адам қатысатын велошеру өткізілмек

Алматыда 11 қыркүйек күні “Спорттық Алматы” бағдарламасы аясында қала күніне арналған бұқаралық велошеру өтеді. Бұл туралы қалалық спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

almatyveloprobegweb-1200x800

Фото: sxodim.kz

Салауатты өмір салтын сүйетін қала тұрғындарына бұл күні құнды сыйлықтар табыс етіледі. Ал ең басты сыйлық Европа елдеріне берілетін екі адамға арналған жолдама болмақ. Сонымен қатар, велосипед сатып алуға арналған сертификаттар мен қаладағы мейрамханалардың бірінен тегін кешкі ас жолдамасы да қарастырылған.

Бұл күні қала тұрғындары және қонақтарымен қатар Ермахан Ыбырайымов, Дмитрий Баландин, Руслан Әбдіразақов, Дариға Шәкімова, Назым Қызайбай секілді спорт саңлақтары да велосипедке отырмақ. Ал мәреге жеткен соң, эстрада жұлдыздары ерекше концерттік бағдарлама тарту етеді.

Велошеруге қатысушылар сағат 8:30-да “Нұрлы Тау” бизнес-орталығының қасына жиналуы тиіс. Аталмыш ғимарат Әл-Фараби даңғылы мен Желтоқсан көшелерінің қиылысында орналасқан.

Талқылау