Жолаушыларға балағаттап тиіскен мас жолсерік “Алматы-Қостанай” пойызын тоқтатып тастаған

Бейсенбі, 14 Сәуір , 2016 13:49

“Алматы-Қостанай” бағытындағы жолаушылар пойызында ішімдікке тойып алған жолсерік стоп-кран құрылғысын істен шығарып, енді әкімшілік жауапкершілікке тартылмақ.

0z0rhyFcLg85

Сурет diapazon.kz

Транспорттық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша 11 сәуір күні сағат 01.55 шамасында “Жолаушылар тасымалы” АҚ “Солтүстік” өңірлік филиалының жолсерігі “Алматы-Қостанай” бағытындағы жолаушылар пойызындағы өз вагонда азаматтардың ашуына тиіп, мазасын қашырып, тіпті стоп-кран құрылғысын жұлып алған. Нәтижесінде, пойыз 12 минутқа тоқтауға мәжбүр болды.

Транспорттық полиция қызметкерлері жолсерікке ҚР Әкімшілік ереже кодексі 560.1, 440.1 тармақтары бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Оған пойызды заңсыз тоқтатқаны үшін және қоғамдық орында мас күйінде жүріп, адамдардың қытығына тиіп, мазасын қашырғаны үшін айып тағылып отыр.

Істі қараған Әулиекөл аудандық соты жолсерікке әкімшілік айып тағып, 3 тәулікке қамауға алатын болып шешті. Қазіргі кезде ол Қостанайдағы полиция бөлімшесінде.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар