Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Интернетте Алматыдағы бірнеше шақырымға созылған көлік кептелісінің бейнежазбасы пайда болды (видео)

Әлеуметтік желілерде бірнеше шақырымға созылған, Алматы көшелерінің бірінде орын алған көлік кептелісінің бейнежазбасы жарияланды. Бейнематериал Әл-Фараби көшесіндегі биік ғимараттардың біріннен түсірілген.

hj

Сурет yaplakal.com сайтынан алынды

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Көлік қозғалысының барлық бағытта дерлік тоқтап қалғаны айқын байқалады. Ірі мегаполисте мұншалықты ұзын көлік кептелісінің кездесуі сирек орын алатын.

Соған қарағанда, көлік жүргізушілерінің көпшілігі Тимириязев пен Сейфуллин көшелеріндегі кептелістен қашып келсе керек. Сосын, бұл жағдайға Әл-Фараби көшесіндегі қозғалыстың шектелуі де себеп болуы мүмкін. Көлік жүргізушілерінің айтуынша, дәл осы сәтте қала ішінде маңызды кортеж жүріп өткен. Ал полицейлер аталған маңызды көлік тізбегіне кедергі келтірмес үшін, бірқатар көшелерді жауып тастаған.

Талқылау