Алматы көшелерін кезген қарсақ ақыры ұсталды
Алматы көшелерін кезген қарсақ ақыры ұсталды. Бірақ мекенінен адасқан жыртқышты қақпанға түсіру біраз қиындық туғызған,-деп жазды КТК арнасы.
Медеу ауданындағы кеңселердің бірінде алаңсыз жүрген аңды маңайдағылар 2 апта бұрын байқаған. Сөйтіп, жануар қорғаушыларға хабар берген екен. Ал құтқарушылар қарсақты бұған дейін де ұстауға тырысқан.
Бірақ жабайы аң қулығын асырып, қашып кете берді. Тек үшінші жолы ғана қолға түсті. Адасқан қарсақ алысқа ұзай қоймапты. Сол маңайдағы тұрғын үйлерді торуылдап жүр екен. Кішкентай жыртқышты әрең ұстаған мамандар оны қайда апарарын білмей біраз ойналып, ақыры табиғатқа жіберді.
«Жыртқышты ұстау оңай болған жоқ. Қолымды тістеп, біраз қарсылық білдірді. Әрі мына жер қоқысқа толы. Ол бұрыш-бұрышқа тығылып бақты»,-дейді жануарларды қорғаушы Руслан Бадирдинов.
Оқи отырыңыз:
Сүйегі табылған қазақстандық жауынгердің қалтасынан Құран кітабы шықты
«Әумин!» дегені үшін жаңаөзендік азаматқа 113 мың теңге айыппұл салды
Шымкенттік азамат адам ағзасына таптырмас ем ретінде қоңыз сатып жүр
Жадо мен Түсіпбаеваның сотында сәнгердің анасы талып қалды (фото,видео)