Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы қонақүйлері келушілерге жезөкшелер қызметін ұсынудан бас тартып жатыр

Алматының қонақүйлері мен сауналарының кіреберісіне әкімшілер жеңіл жүрісті қыздардың қызмет көрсетпейтіні туралы хабарландыру іліп қойған.

Бұл туралы Алматы қаласының ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Әсіресе, қаланың төменгі бөлігінде жезөкшелер қызметін ұсынатын қонақүйлер саны көп болған. Қазір олар мұндай қызметтен бас тартып, талапқа сай тек қонақүй қызметін ұсынатын болды.

Сейфуллин даңғылында орналасқан қонақүйдің әкімшісі: “Бұрын-соңды жезөкшелік қызметінсіз бизнесіміз жүрмейтіндей көрінетін. Алайда олай еместігіне көзіміз жетіп отыр”, – деп мойындады.

Бұл қонақүйдің иесіне 800 мың теңге көлемінде айып тағылды. “Біз енді заңды түрде жұмыс істейміз. Салық төлеп, келушілерді тіркейтін боламыз. Бөлмені тек сағаттап емес, күндікке береміз. Жеңіл жүрісті қыздарсыз-ақ жұмысымыз жүріп жатыр. Арнайы жауапты адам күнде келіп, бақылап жүреді”, – дейді қонақүй әкімшісі.

20151210151500

20151210151503

 

Талқылау