Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы көлінің бетінде коньки тепкен қыздың әрекетінен кейін тұтынушылар ауыз су сапасына күмән келтірді

Үлкен Алматы көлінің бетінде коньки тепкен қыздың басы дауға қалды. Ксения Панкратованың әрекетін кері бағалағандар қала тұрғындары тұтынатын ауыз судың бастау алатын жерін қатаң бақылауға алып, әркім былғамауға тиіс деген пікірлер айтуда. Осыған қатысты «Алматы Су» МКК-нің өкілдері жауап берді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеме беріп.

Алматы көлінің бетінде коньки тепкен қыздың әрекетінен кейін тұтынушылар ауыз су сапасына күмән келтірді

Жағымсыз сынмен қатар, кәсіби спортшының өнеріне тәнті болғандар саны да басым. Дегенмен ауыз су сапасына күмән келтіргендерге жауап берген «Алматы Су» МКК-нің өкілінің айтуынша, қалалықтар тұтынатын судың бастауы Алматы Үлкен көлінен болса да, су толықтай қайта өндіріледі екен.

«Біз суда өнідіріп, тазалаймыз. Сол арқылы тазалау мекемесіне түседі. Артынша ол жерден төрт сатыдан өтеді. Тұндырылып, залалсыздандыралғаннан кейін арнайы резервуарларда сақталады, содан кейін бірақ халыққа жіберіледі», – дейді Ақбота Жылысова, «Алматы Су» МКК қоғаммен байланыс жөніндегі маманы.

Естеріңізге салсақ, кәсіби спортшы Ксения Панкратова желіге өзінің Алматы Үлкен көлінің бетіндегі мұзда сырғанаған видеосымен бөлісіп, қалалықтар арасында дау туғызған еді. Бірі оның қылығын жақтап жатса, екіншілері оны даттап, ішіп отырған ауыз судың сапасына күмән келтірген еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау