Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы зообағында жоғалды деген 6 қар барысы өлген болып шықты

Зообақ басшылығы Алматыдағы хайуанаттар бағында қар барысының жоғалмағанын айтты. Бұл қауесет әлеуметтік желіде таралған болатын. Зообақ басшылығы бүгін осыған қатысты түсініктеме берді.

Алматы зообағында жоғалды деген 6 қар барысы өлген болып шықты

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Баспасөз хатшысы Михаил Сорокоумовтың айтуынша, түз тағысы әр жылдары қаза болған. Әр мемлекеттен әкелінген барыстар қазақ жеріне жерсініп кете алмады.

«Қырғыз елінен әкелінген екі барыс мерт болған. Олардың өлімі  биологиялық қартаюдан болды. Басқа екі барыс ота жасауды көтере алмады. Олар науқас еді, ота сол себепті жасалған. Қызыл кітапқа енген жануарлар жоғалған жоқ, физиологиялық жағдайларына байланысты өлді. Ілбістер әлемнің ешқандай зообағына жерсініп кеткен жоқ», – деді Сорокоумов.

Қазақстанның Қызыл кітабы: қандай жануарлар Қызыл кітапқа енгізілген >>>

Және Польша мен Жапониядан әкелінген екі ұрғашы барыстың ғұмырын пневмония қысқартып кетті.

Қазіргі кезде бұл жыртқыштар Алматы зообағында жоқ.

Талқылау