Алматы халқы жер сатуға қарсылық білдіріп көшеге шықты

Сенбі, 23 Сәуір , 2016 8:04

Алматы халқы жер сатуға қарсылық білдіріп көшеге шықты. Жай уақытта басы бірікпейтін қоғамдық ұйымдар қарсылық акциясына бірге келді. Бейбіт шеруге келген халықтың талабы ортақ – «жер сатылмасын!».

митингггг

Бұл туралы 31 арна жазған.

Билік өкілдері жердің сатылмайтынын, тек жалға берілетінін айтып қанша алдаусыратқанымен, халық 1 шілдеден бастап талапайға түсетін жердің болашағына алаңдайды.

Жыл сайын 22 сәуірде Ленинді ұлықтайтын коммунистер де, аттандап ұран тастайтын Амантай қажының қозғалысы да, алашшыл топ өкілдері де үкімет бастамасына қарсылық білдіріп, жер сатуға қатысты пікірлерін айтуға бірге жиналды. Саяси бағыттары қайшы топтар бір митингтің өзінде бөлініп тұрғанымен, “жер сатылмасын!” деген ұстанымдары ортақ.

«Жерді саудалауға патша өкіметі кезінде де, кеңес одағында да қатаң тыйым салынған. Жер қашан да халықтікі болған. Егер қазір билік жер сатуды бастаса, онда елде капиталистік жүйені дамытпақшы»,-деді қала тұрғыны Арсенти Наполимо.

«Жерді товарға айналдыруға болмайды. Бұрынғы совет кезіндегідей жер мемлекеттің меншігінде болу керек. Кімге керек жер, мысалы, ауылшаруашылық мақсатта, барсын да арендаға алсын»,-деді «Жер анна» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сәлімбай Оразалиев.

“Жер ана” бірлестігінің төрағасы нақты жоспары болмаса да, жер сатылмасын деген үндеуді бейбіт түрде билікке жеткізуге тырысамыз дейді. Бірлестік мүшелері бір айдан кейін жаппай қарсылық білдіреміз деп жоспарлауда. Ал Амантай қажы бұның бәрін сәтсіздік пен саяси жүйедегі олқылықтардан көреді.

«Жер сатылған ол жаман нәрсе. Ол – қазақтың жері Алла берген. Сатуға болмайды. Еш мемлекетте ондай жоқ. Бұл қазақта ғана болып тұр. Мынау мафия, коррупция қазақтың кең байлығын сатып-сатып, майланып-майланып ұры болып алды ғой»,-деді «Аттан Қазақстан» қозғалысының жетекшісі Амантай қажы Асылбеков.

Наразылықтарын ашына айтқан халық пікірлеріне билік құлақ аспаса қарсылық шараларын жалғастыра беремекші. Жер сатуға қарсылық білдіру келешек ұрпақ қамы дейді олар.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

7
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Жер анамыз. Анамызды сатуга да жалга беруге де жол бермеймиз.жер сату деген казактын тасына тонген кара булт. Бираз нарселерден айрылыппыз.енди калганын сактап калуымыз керек.баринен айырылмай турганда.агайын.казак халкы шын журектен сенип келиппиз.сенип журип мундай сумдык болады деп мулдем ойламаппыз.биз кимге сенип келдик. Басымыз таска согылганда гана ес жыйдык.али де кеш емес.

  • казах баласы says:

    Барине косылам! Жеримиз сатылмасын!!!

  • Казак says:

    Жер сату халкынды сату деген. Жалгада бермеу керек шет елге. Байконырды бердиндер не болды.байконырда казакстаннын бир заны сози журмейди. Казактар зардап шегеди сонында

  • Жұмбақ жан says:

    Алматы студенти дурыс айтасыз

    • Жұмбақ жан says:

      Ой-ой жер сату деген маскарагой. Ол акшасын толегеннен кейин, онын жеке мулки болып калады. Кейин согыс сонда басталады.

  • Жұмбақ жан says:

    Жер сату керек деуин коймаса халык котерилемиз

  • Алматы студенті says:

    Қазақтың қанмен, қаншама құрбандықпен келген байтақ жерін сату,қай жағынан қарасақта дұрыс емес нәрсе…Бұл қаулыны ойлап тапқандар халықтың,келер ұрпақтың,жалпы қазақтың қамын жейтін адамдар емес сірә.Осыдан түсіне беріңдер қанмен сақталған жер қанмен кімнен болсада қорғалады.Халық неге келіспейді, не нәрсеге келіседі соны игерген жөн билік иелері.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар