Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы кеңсесінен компьютер ұрлаған жігіт бейнекамераға түсіп қалды (видео)

Желіде сәуірдің 7-сі күні Алматыда дизайнер кеңсесінен белгісіз жігіттің компьютерді ұрлап кеткен сәті бақылау бейнекамерасына түсіп қалған.

Безымянный

Видеоны Facebook-тегі графикалық дизайнер парақшасы жариялаған. Олар Алматыдағы ұрыны табуға көмек сұрайды. Ұры маңызды құжаттар сақталған ноутбукты алып кеткен.

Видеода ер адам үстелде тұрған ноутбукты алмақ болып, бірнеше рет әрекет етіп көреді. Біреу келіп қала ма деп қауіптенген ол бастапқыда ноутбукты бас салып алып кетуге бата алмай тұрады. Кейіннен сырт жақ пен ішкі бөлмелерді тексеріп келіп, қауіптің жоқтығын білген соң,  тез арада үстелдің астыңғы жағында тұрған ноутбукты алып, сыртқа шығып кеткен.

Талқылау