Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы полицейлері әлеуметтік желіде жоғалған адамдар жайлы парақша ашты

Алматы қаласының ІІД Вконтакте желісінде қылмыскерлер мен із-түссіз жоғалғандар жайлы ақпарат жариялайтын «Алматы-іздеу» атты парақша ашты.

9389670

Сурет: РИА Новости

Бұл туралы Алматы қаласының ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлайды.

Желіде жоғалған адамның суреті, туған жылы, жоғалған жері, негізгі белгілері, киімінің түсі туралы ақпарат жазылады. Сондай-ақ, жоғалған адамдар мен қылмыскерлер жайлы қайда хабарласу керектігі де көрсетіледі.

Әлеуметтік желілердің танымалдылығының арқасында біз қолданушылардың көмегімен жоғалған адамдар мен қылмыскерлерді тез табуға болады деп ойлаймыз. Олар жайлы қандай да бір ақпарат білген желі қолданушылары бізге уақытында хабарласып, айтып отыратынына сенеміз, – дейді Алматы қаласының ІІД-нің ресми өкілі, полиция майоры Салтанат Әзірбек.

Сонымен қатар, ІІД-нің ресми сайтында «Іздеу» атты арнайы айдар көп жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оны ҚР ІІМ қылмыстық істер полицейлері жүргізіп отырады.

Талқылау