Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы букмекер кеңселері бақылауға алынды

Алматы қаласында футболдан әлем чемпионаты өтіп жатқан кезде букмекерлік кеңселерге тексеріс жүргізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеме жасай отырып.

Алматы қаласындағы букмекер кеңселері бақылауға алынды

Қалалық ұтыс тігер орталықтары футболдан әлем чемпионаты кезінде табыстары әдеттегіден артқандықтан қосымша салықты жасырып қалуға тырысқан. Кейбірі тіпті бұл кәсіпті заңсыз дөңгелетіп отырғаны анықталды.

Құзырлы мекеме қызметкерлері букмекерлік кеңселерді қатаң бақылауға алып,  түскен ақшаны мұқият тексеруді бастап кетті. Айта кетсек, 2018жылдың бірінші жартысында 200-ден астам букмекерлік кеңселер қалалық бюджетке 7 миллиард теңге салық құйған. Алайда, футболдан әлем чемпионаты басталғаннан бері олар салықты жасыра бастаған. Қазір қалада заңсыз жұмыс істеген 15 букмекерлік кеңсе анықталып, тіпті екеуі жауапқа тартылған. Айып құны 1 миллион теңгеден. Ал, талап бойынша әр касса мемлекетте 721 мың теңге және кірісі 4 миллион 800 мыңнан асса тағы қосымша салық төлеуі тиіс.

“Әлемдік чемпионат басталғаннан бері букмекерлік контораларда табысының артқанын байқап отырмыз. Бізде қазір Алматы қаласында 6 кассада, яғни букмекерлік конторада қызметкерлер тексеру жүргізіп жатыр. Олар букмекерлік контораның жұмыс уақытымен жұмыс істеуде”, – дейді Алматы қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы, Нұрболат Жұмаханов.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау