Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласында оқушылар “күнделігіндегі” порно суреттер жұртты шулатты

Алматы қаласында оқушылардың электронды “күнделігінде” жүрген порно суреттер ата-аналарды әбігерге салды. 9-сынып оқушыларының бұл әзіліне бола информатика пәнінің ұстазы мен тәлімгер жазаланды.

Бұл туралы “Алматы” каналы хабарлайды.

№61 мектепте 9-сынып оқушыларының ата-аналары бірнеше апта бұрын балаларының электронды күнделіктерінен ұятсыз суреттер көріп қалған. Осыдан кейін шу шығарып, кінәлілердің жазалануын талап еткен.

“Аталған сыныптың екі оқушысы мұғалімдердің рұқсатынсыз ұятсыз суреттерге түскенін мойындады”, – дейді Гүлмира Мырзахметова.

Қызметтік тексеріс әлі күнге дейін жүргізіліп жатыр. Логині мен паролін ашық түрде қалдырған информатика пәнінің ұстазы жазаланды. Мұнымен қатар, мектеп директоры мен тәлімгер жазаланды.

“Мемлекеттік мектептің күнделігін жекеменшік ЖШС-ның жасайтыны қиын мәселе болып отыр. Мұны неге Е-гов немесе өзге мемлекеттік мекеме тегін жасап бермеген? Осыны түсіне алар емеспін”, – дейді Генадий Миронов.


Жіберіп алмаңыз:

Түнгі клуб күзетшісі: Бұл жерге қыздар қалталы азаматтармен танысу үшін келеді

Тамара Асар: Қазақтың ұлттық киімін Димаш арқылы әлемге таныту керек

БҚО-да полицей куәгерлердің көзінше ер адамды ұрып-соқты (видео)

Қазақстандық жүргізушілер жанармай құю бекеттерінің өтірігін әшкереледі

Талқылау