Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласында күзетшіні ұрған бұзақылар ұсталды (видео)

Алматы қаласынын қонақүйлерінің бірінде бұзақылар мас күйінде жас күзетшіні ұрып кеткен видео тарап кеткен еді. Аталған қылмысқа қатысты Алматы қалалық ІІД жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

View this post on Instagram

Беспредельщики в Алматы. В одной из гостиниц города пьяные в неадекватном состоянии, «люди», жестоко избили ни в чем не повинного молодого ночного охранника. Сломали нос и пальцы. Избивали дубинкой. В Бастандыкском РОВД даже не захотели принимать заявление. Уважаемая общественность, обращаемся к Вам! Помогите довести дело до конца, и не спустить этот беспредел «на тормозах».

A post shared by Алматы ДТП◾ (@almaty_dtp) on

Ішкі істер департаментінің хабарлауынша «Казахфильм» ауданы маңындағы орналасқан қонақүйдің күзетшісін ұрған бұзақылар полиция өкілдерімен ұсталған. Қазіргі таңда оларға қатысты қылмыстық іс қозғалып, 293 бап бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.

«Қылмыстың істің құжаттарына сай төбелес күзетшінің азаматтарды мас күйлерінде қонақүйге кіргізбеуінен басталған. Бұзақылар сөзге келіспей төбелесті бастап, күзетшіні ұра бастаған. Салдарынан 29 жасар азамат мұрны мен қолы сынып ауруханаға түскен. Жедел іздеу шаралары барысында екі күдікті ұсталды. Олардың бірі 28 жасарлық Ресей азаматы, екінші 25 жасар Алматы қаласының тұрғыны. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторында қамалды. Тергеу ісі жалғасуда», – деп мәлімдеді Бостандық ауданының полиция басқармасының басшысы Даурен Утебаев.

Сонымен қатар, ІІД өкілінің айтуынша өндіріс барысында полиция қызметкерлері соттық-медициналық сараптама белгіледі. Сараптаманың нәтижесі бойынша қылмыстық іс материалдары сотқа жіберіледі.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау