Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласы мен облысында қатты ыстыққа байланысты ескерту жарияланды

Алматы қаласы мен Алматы облысында қатты ыстыққа байланысты ескерту жасалды. Бұл туралы Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

20150717162951

Сурет inform.kz

“Алматы облыстарында 8-9 маусым күндері +31+36 градус шамасында қатты ыстық болады деп күтілуде”, – делінген департамент хабарламасында.

Синоптиктердің мәліметінше, Алматыда сәрсенбі күні көшпелі бұлт жүріп, жел тұрады. Бірақ жауын-шашынсыз. Ал күндізгі ыстық +32+34 температурасына дейін көтерілуі мүмкін.

Ертең Алматы облысында жауын жаумайды. Ал ауа температурасы +31+36 шамасында болмақ.

Талқылау