Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласы ІІД-нің басшысына қарсы түскен шағымның нәтижелері жарияланды

Ішкі істер министрлігі үстінен жасырын шағым түскен Алматы қаласының ІІД-нің бастығы Серік Кудайбаевқа қатысты тексеру нәтижесі туралы хабарлады.

Алматы қаласы ІІД-нің басшысына қарсы түскен шағымның нәтижелері жарияланды

Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің бастығы Күдабаевтың заңсыз әрекеттері туралы жасырын шағым бойынша тексеру жүргізілді. Бұл іске қатысты тексеру жұмыстары кезінде жасырын шағымда аталған бұл фактілер расталмады. Шағымда көрсетілген ІІБ басшылары (Медеу, Наурызбай және Алмалы аудандарының) Күдебаевқа туыс емес»,-дейді Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Сәдубаев.

Сондай-ақ, ведомствоның ресми өкілі тексеру рәсімі туралы айтып берді.

«Қызметкерлер арасында жүргізілген анонимді сауалнаманың нәтижелері жеке қызметкерлер арасында моральдық-психологиялық ахуалдың барын көрсетіп отыр. Ақша аударымдары туралы фактілер, сондай-ақ Күдебаевқа қатысты басқа да заңсыз нұсқаулар расталмады», – деді Алмас Сәдубаев.

Айта кетейік, бір апта бұрын түскен жасырын шағымда Ішкі істер департаментінің басшысы Серік Кудебаев басшы болып тағайындалғаннан бері қылмыстық оқиғаларды анықтау жұмыстары нашарлағаныны жазылған. Бұдан басқа хатта Серік Күдебаев өз туыстарын заңсыз жолмен жұмысқа орналастырғаны да хабарланған.

Тағы оқыңыз:

Депутаттар наразылық білдірді: Астананың мерейтойын атап өтуге 19 миллиард теңге жұмсалады

Саясаттанушы Досым Сәтпаев майдан туралы әңгімелердің біздің елде қайталануы кездейсоқ емес деп санайды

Алматыда бойжеткенді қағып өлтірген автобус жүргізушісін қандай жаза күтіп тұр

Сағадиев мұғалімдерге уәде етілген үстемақының не себепті кешіктіріліп жатқанын түсіндірді

 

Талқылау