ІІД атауын полиция департаменті деп өзгертуге 66 млн теңге жұмсалады

Алматы қалалық бюджеттен ІІД-нің атауын өзгертуге 66 млн теңге бөлінді. Одан бөлек 102 қызметінің штатын ұлғайтуға 80 млн теңге жұмсалады.

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Қаражаттың 35 млн теңгесін қажетті құрал-жабдық алуға жұмсайды, деп хабарлайды 31 арна.

Аумақтық органдардың атауын өзгерту туралы үкіметтің шешімі былтырғы жылдың қазан айында шыққан еді. Оған сәйкес, ІІД, ІІБ, АІІБ енді басқарма департаменті және полиция бөлімдері болып ауысады. Үкіметтегілер қазақстандық құқық қорғау органдары жүйесін өзгертуді атауынан бастау керек екенін айтты.

Модернизация жоспарына сәйкес, ішкі істер аумақтық департаменті мен жергілікті полицияны қайта қосты. Ал, облыс дәрежесіндегі әкімдер ІІМ ұсынысымен полиция департаментінің басшыларын қызметінен ала алады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр