Алматы іргесіндегі халық 7 жыл бойы сусыз отырмыз деп шу көтерді

Алматы іргесіндегі Междуреченск ауылының тұрғындары 7 жыл бойы сусыз отырмыз, деп шағымдануда. Жергілікті жұрт мәселені көтеріп, әкімдікке талай барған. Алайда, елді мекен басшысы күн сайын қырық сылтау айтып, шығарып салатын көрінеді. Тұрғындардың бұл мәселесі қашан шешіледі?

Алматы іргесіндегі халық 7 жыл бойы сусыз отырмыз деп шу көтерді

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлады.

Алматы іргесіндегі Шабыт ықшам ауданының тұрғындары осымен жетінші жыл сусыз отыр. 500 түтіні бар аймақта 1-ақ ұңғыма жұмыс істеп тұр. Қуаты кей үйге ғана су беруге жетеді. Қалған отбасы 7 жыл болды сусыз отыр.

«2013 жылы үй салып осы жерге көшіп келдім. Қоныс аударып келгеннен бері бізде су жоқ. Мына жақтан тасимыз. Тасығанымен жаз айында түнгі 12, 1-ден кейін ағады. Кезекте тұрғанымызда ол өшіп қалады. Мысалы кеше үш күн су болмайды насос бұзылды деді. Біз аламыз дегенше су тоқтап қалды. Судан қатты қиналамыз. Қыс бойы таксимен тасып іштік» – дейді Междуреченск ауылының тұрғыны Венера Ажмаханова.
Тұрғындар мәселенің шешімін сұрап, жергілікті билікке талай барған. Белгілі болғандай әркімге әр түрлі жауап беріліпті.

«Бұл жерге суға кезінде ақша бөлінген, бірақ ол қаражатты жеп қойған дейді. Әкімшілік өздері ашық айтып отыр. Бөлінген ақшаны бұрынғы әкім жеп қойған деуде. Бұрынғы әкімді көреміз. Одан сұрасақ, олар далбасалай береді, мен жеген жоқпын дейді» – деді Междуреченск ауылының тұрғыны Ақмарал.

Десе, енді біреуіне тек техника береміз, ал тіршілік нәрін өздерің тартып алыңдар деген көрінеді.

«Мен трактор ғана берем, суды өздерің қаздырып алыңдар. Тракторге жанармайды өздерің құйып, ақшасын өздерің төлейсіңдер. Бәрін өздерін төлейсіңдер деді. Біздің ондай төлейтін ақшамыз жоқ. Мысалы, менің бес балам бар. Мен бес балама тамақ алып берем ба? Жоқ тракторға солярка алам ма?» – дейді Междуреченск ауылының тұрғыны Айнагүл Молдабаева.
Мәселенің мән-жайын білмек болып келген тілшілер ауыл басшысын орнынан таба алмады.

– Ол Гресте, аппаратта!
-Қашан болады?
-Түстен кейін келеді!
-Ал, орынбасары ше?
-Ол денсаулығына байланысты демалыс алған!

Жергілікті шенділер тіпті, ұялы телефондарын да көтермейді. Есесіне, су мәселесіне бұл ауылда әскерилер жауапты екен. Өйткені, бұл мәселе жөнінде сұхбат беруге қорғаныс саласының маманы келді.

Әрі оның сөзіне сенсек, сәл шыдаса шабыттықтардың шырғалаңы да аяқталуға шақ екен.

«Әкім скважинамен, екі жарым шақырым магистральға деп, өтініш берген. Енді күтіп отырмыз»,- дейді қорғаныс саласының маманы.

Енді тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал, әскерилер болса берген уәдесіне қашанда берік. Демек, су мәселесі жуық арада шешіліп қалар деп үміттенейік.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар