Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы іргесіндегі «Үшқоңыр» автовокзалынан тағы да шу шықты

Алматы іргесіндегі «Үшқоңыр» автовокзалынан тағы да шу шықты. Автобекетке автобустардың келмей қалуы – бүкіл саудагерлерді аяғынан тік тұрғызды. Қазір “Үшқоңырдың” сырты да, іші де қаңырап бос тұр.

ушконыр

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Күн сайын осы жерге жиналатын қалааралық екі жүзге жуық автобустың бірі де қалмай, сауда тоқтаған. Ал, жаңа орталыққа салған миллиондаған қаржыларын енді кімнен дауларын білмей зар жылаған кәсіпкерлер, автобустарды кері қайтаруды талап етіп отыр.

Күні кеше ғана адам қарасы үзілмей, абыр-сабыр боп жатқан “Үшқоңыр” автобекетінің бұл бүгінгі көрінісі. Қараусыз қалған ғимарат сияқты. Ал, қыруар қаржыға бастаған кәсіптері аяқсыз қалған саудагерлердің алды дүңгіршектерінің есігіне қара құлып салып, кетіп жатыр.

«Сонша ақша салдық. Мысалы мына кісі 30 мың доллар салды. Білмейміз енді, тағдырымыз не болады десек, Марат деген бастық білмеймін тағдырды деді»,-дейді кәсіпкер Бағжан Достанова

«Бір-ақ күнде автобустардың барлығы кетіп қалды. Бастықтардан сұрасақ, өздері де білмейді қандай жағдайда екенін»,-дейді кәсіпкер Күншуақ Шахиева.

Автобекеттің алдына шығып, “автобустар қайтарылсын” деп даурыққан жұрттың талаптарын еститін әзірге ешкім болмай тұр. Ал, Нүкіс, Түркістан, Шымкент пен Сарыағаш бағытына қатынап жүрген автобустардың барлығы қазір қалаға жақын “Барлық” базарынан жүріп жатыр. Жүргізушілердің өздерінен сұрағанымызда, “Үшқоңыр” сауда орталығына қалалық жолаушылардың келуі қиын болған соң ғана басқа орынға көштік, күштеп кіргізу болған жоқ дейді.

Халыққа тиімсіз Үшқоңыр. Қаланың автобустарының барлығы осында келеді. Ал, үшқоңырға бару үшін тағы пересадкаға отыру керек.

Үшқоңырдың басшылығы автовокзалдың болашығына қатысы әлі ресми мәлімдеме жасамады. Ал, «Барлық» базарының әкімшілігі автобустардың өз еркімен келіп, тіркеліп жатқанын айтады.

Талқылау