Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таныстарының телефонынан қоңырау шалуды өтініп алдап кететін алаяқ іздестірілуде

Өзін 32 жастағы қазақ жігіті Ұлықбек Садықовпын деп таныстырған Жахангир Құдайбергенов таныстарын алдап, бірнеше рет алаяқтық жасаған.

с

Бұл туралы Алматы облысы Әуезхов ауданының ішкі істер басқармасынан мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

13d10730a1ba5a9949df4259be346936

«Күдікті, негізінен, енді ғана танысқан жас қыздарды алдаған. Ол қыздың жұмысына келіп, алдымен ұялы телефонын қуаттап алуды өтінген. Араға біраз уақыт салып «шұғыл қоңырау соғуым керек» деген сылтаумен қыздың телефонын сұрап алып, сыртқа шығып, ізін суытып отырған. Жігіттің қалдырып кеткен телефоны материалдық және техникалық жағынан  ұрлаған телефоннан әлдеқайда нашар екені айтпаса да түсінікті. Қазір біз күдіктінің осындай тың әдіспен 6 адамды сан соқтырғанын анықтадық. Бұған қоса, жедел және арнайы шаралар барысында ер адамның тағы екі ұрлыққа, соның ішінде пәтер ұрлығына қатысы бары белгілі болды. Тергеу кезінде анықталғандай, жігіт Өзбекстан Республикасының азаматы, елімізде заңсыз жүрген», -деп түсіндірді істің мән-жайын Әуезов ауданы ІІБ басшысының бірінші орынбасары полиция полковнигі Құмарбек Кеншінбаев.

Жіберіп алмаңыз:

Ақмола облысында 80 жастағы кейуананың 3500 еуросын жымқырған алаяқ ұсталды

Алматы полицейлері iPhone телефонын алаяқтардың бұғаттап жатқанын ескертті

Алаяқтар танымал ірі компаниялар атынан жалған кастинг жасап ақша тауып жүр

Банкоматтан ақша алу кезінде алаяқтар адамды қалай алдайды? (видео)

Шымкентте алаяқ тұрғындардың банк карточкасынан ірі көлемдегі ақшаны ұрлап кеткен

Талқылау