Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анасынан айырылған Рахман Омардың ұлы полициялардың жұмысына неге наразы екенін айтты

Алматы қалалық ІІД өкілдері Гүлдерайым Омарованың өлімі бойынша оның ұлы Досжан Рахманұлы БАҚ өкілдеріне жолдаған үндеуіне қатысты жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

ІІД өкілі: Гүлдерайым Омарованың өлімі бойынша тергеу құпия түрде жүріп жатыр

Айта кетсек, үндеуде ұлы анасының өлімі бойынша тергеу ісі жүргізіліп жатқанын мәлімдеген. Марқұмның жақындарына қылмыстың себебі аталмай және басқа да ешқандай ақпарат берілмеген.

«Істі жүргізу барысында белгісіз себептермен тергеушілер 3 рет ауысқан. Қылмысқа қатысы бар екінші әйел әлі бостандықта жүр. Көп уақытқа дейін Алматы қалалық ІІД-не хабарласа алмадық. Полиция нарядын да көп күттік. Бұл айғақтардың барлығы еріксіз полиция органдары мен қылмыскерлер келісіп алған ба деген сұрақты туындатады. Өзіміз жеке тергеу жүргізіп, көршілерден сұрастырып, фактілерді салыстырып көрдік», – деген Досжан Рахманұлы.

Осы мәселеге байланысты агенттік жолдаған ресми сауалға ІІД тергеу басқармасының басшысы полиция подполковнигі Рустам Абдрахманов жауап қатты.

ІІД мәліметі бойынша толық және нақты ақпарат соталды тергеу ісінің құпия түрде жүргізіліп жатқан себебі бойынша жарияланбайды.

«Сонымен қатар, қазіргі таңда құрастырылған жедел-тергеу шаралар жоспары бойынша қажетті жедел іздеу және тергеу істері жүргізіліп жатыр. Аталған іс бойынша қайғылы оқиғаның жан-жақты, толық және шынайы тергелу мақсатында соттық-медициналық сараптамалар белгіленген», – дейді ІІД өкілі.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

 

Талқылау