Алматы ІІД: Күлекбаев бірнеше мәрте қарулы тонау және қарақшылық шабуылдарына қатысқан

Бейсенбі, 21 Шілде , 2016 18:22

Алматыда полиция қызметкерлеріне қарулы шабуыл жасаған күдікті Күлекбаев бұған дейін атыс қаруын қолданып, бірқатар тонаушылық және қарақшылық шабуылдарға қатысқан. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

8e5a7bde6838a421765ff680002870ae

Фото: express-k.kz

Алматыда аса ауыр қылмыстарды жасау үстінде ұсталған күдікті Р. Күлекбаевтың қылмыстық қызметін зерттеу барысында мынадай жәйттер анықталды:

Ол 2010 жылы Шымкет қаласында базарлардың бірінде алтын бұйымдар сататын сатушы әйелді көзінен таса қылмай, артынан үйіне дейін бақылап барып, үйге кіреберіс жерде оны соққыға жыққан. Сөйтіп, сөмкесін ұрлап кеткен. Ал сөмкенің ішінде 115 мың теңге мен ұялы телефон болған.

Полицияның әзірлеген сипаттамасы бойынша Күлекбаев көп ұзамай ұсталды. Сот оны шартты түрде 3 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

2012 жылы Қызылорда облысының криминалды полиция басқармасының қызметкерлері Күлекбаевтан патрондары және дыбыс бәсеңдеткіші бар револьвер тәркіледі. Сот, сотталушы Р. Күлекбаевты ҚР Қылмыстық кодексінің (ескі редакция) 60-шы бабы негізінде, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Еңбекші аудандық сотының үкімімен тағайындалған шартты соттау түріндегі жазаны жартылай қоса отырып, оны 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырды. Түрмеде түзету колониясы қызметкерлеріне бағынбау, белгіленген жүріп-тұру тәртіптемесін бұзғаны үшін Күлекбаев 14 рет тәртіптік жазаға тартылған.

Қазіргі уақытта, сотқа дейінгі тергеу және кешенді жедел-іздестіру шаралары аясында Күлекбаевтың екі қарулы қарақшылық шабуыл және екі тонаушылық әрекеттерге қатысы бары тексеріліп жатыр.

Күлекбаевтың жауабына қарағанда, ол көп жағдайда әйелдер мен жалғыз кетіп бара жатқан жаяу жүргіншілерге шабуыл жасап келген. Ол әдетте өзінің құрбандарын базарлар мен дүкендердің маңынан торуылдайтын болған. Оқиғалардың бірінде ол әйелге шабуыл жасаған. Оны құлатып, азық-түлік салынған пакетін және 100 мыңнан астам теңгесін жымқырған.

Басқа бір жағдайда әйел 500 мың теңгесінен айрылған. Сонымен қатар, күдіктінің өмір сүру салтын және айналасымен байланысын зерделеу барысында оның өз отбасында да озбырлық, зорлық-зомбылық көрсеткені анықталды.

Жұбайының жауабына қарағанда, жұбайлық өмірдің алғашқы жылдарында Күлекбаев әйелін хиджаб киюге мәжбүрлеген әйтпесе жазалайтындығын айтып қорқытқан. Сондай-ақ, әйелі тергеушілерге күйеуінің тұрақты жұмысының болмағандығын, кездейсоқ табыстармен күнелтіп келгендігін айтты.

Қазір Күлекбаевтың бірінші әйелінен де жауап алынып жатыр. Күлекбаев түрмеден босап шыққан соң, 2015 жылдың соңына дейін Алматыда уақытша жалға алған пәтерде осы бірінші әйелімен тұрып келіпті. Бірінші әйелі оның мінезінің тұрақсыздығын растады.

Естеріңізге сала кетелік, қазіргі таңда құқыққа қайшы әрекеттер деректері бойынша, Күлекбаевқа қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-шы бабының 2-ші тармағы, 269-шы бабының 2-ші тармағы, 380-ші бабының 2-ші тармағы, 255-ші бабының 4-ші тармағы, 291-ші бабының 1-ші тармағы және 200-ші бабының 4-ші тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бұл деректер Алматы қаласының Алмалы аудандық ІІБ мен ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментінің сотқа дейінгі тергеу тізіліміне енгізілді.Одан басқа, күдікті 18 шілдеге қараған түні 03 сағат 30 минутта автокөлік жүргізушісіне қарақшылық шабуыл жасаған. Бұл дерекке қатысты ҚР ҚК 192-ші бабының 2-ші тармағында қарастырылған қылмыстар нышандары бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде.

Осыдан бірнеше минуттан кейін ол жас әйелді өлтіреді. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 99-шы бабының 1-ші тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Анонимно says:

    Бул отирик.кинали болгасын барин соган иле беру.жала жабуго

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар