Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы дүкендерінде антибиотигі бар ет сатылған

Алматыдағы сауда желілерінде тыйым салынған ветеринарлық қалдық препараттар қосылған ет өнімдері сатылғаны анықталды. Бұл туралы тұтынушылар құқық қорғау комитеті хабарлады.

ьтитим

“Қауіпті ет өнімдерінің өндірушілер мен жеткізушілер: ЖК Әділбек Е. (ШҚО) етті “Ақжол” дүкеніне жеткізді, ЖК Ғазибаев Н. (ОҚО) етті “Реалист” супермаркетіне жеткізді; «Кром Экспо – А” ЖШС (Омарова С., . Алматы қаласы) Канада етін “Ақжол” дүкеніне жеткізді. Қауіпті еттің бүкіл өнімдері сауда желісінен алынып, жойылды. Бүгінде өндіру және сақтау орындарында жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізілуде”, – делінген Комитет хабарламасында.

Атап өтейік, тетрациклин – кең қолданыстағы антибиотиктер тобына кіретін дәрілік зат. Ол сондай-ақ мал шаруашылығында малдың түрлі ауруларын емдеу үшін жиі қолданылады.

Адамның құрамында тетрациклин қалдықтары бар өнімдерді тұтынуы ішек микрофлорасына кері әсерін тигізіп, зең ауруларына шалдығу, аллергиялық реакцияның пайда болуы, ағзаның ауруларға қарсыласуын төмендетіп, патогендік микроорганизмдердің жоғарылауы қаупін өсіреді. Бұдан басқа, ағзада антибиотиктердің әсеріне сезімталдықты төмендетіп, бұл препараттармен емдеуді тиімсіз ететін микроорганизмдердің жаңа штаммдары пайда болады.

Талқылау