Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы автобустарында 60 минут ішінде ауысып отыру тегін болады

2018 жылдан бастап Алматының қоғамдық көліктеріне ауысып отыру тегін болады, бұл туралы “Алматы қаласы көлік холдингі” ЖШС-ның директоры Садыр Хамраев мәлімдеді.

2808897

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.
“Біз кезеңдік енгізуді қарастырып отырмыз, қазір біз бір реттік төлеуді іске қосып жатырмыз. Ол қымбаттау болады. Келесі жалдың басында қосымша тарифті іске қосуды көздеп отырмыз: ол белгілі бір уақытта (60 минут ішінде) ауысып отыру мүмкіндігі, дисконтты – “Оңай” картасымен қаншалықты көп төлесең, соншалықты арзан төлейсің”, — деді “Алматы қаласы көлік холдингі” ЖШС-ның директоры Садыр Хамраев.

Бұл ретте ол бұл жоспарларды жүзеге асыру қалалық бюджеттің қаржыландыруымен байланысты екенін атап өтті.

“Қала ауысып отыру мүмкіндігін ұсынған кезде, қала бойынша түсім көлемі жалпы қысқарады, демек бұл қалалық бюджет тарапынан қосымша субсидияларды талап етуді білдіреді. Қала мұның бәрін есептеп болмайынша, дұрыс қаржы моделін құра алмайды. Қосымша тарифтерді бірден енгізуге болмайды. Сондықтан ол кезең кезеңімен енгізіледі”, — деп толықтырды ол.

Еске сала кетейік, Алматыда 1 тамыздан бастап жолаушылар тасымалына дифференцияланған тариф іске қосылатын болады, деді Алматы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жетекшісі Мақсұт Исахов.

Жол ақысын қолма қолсыз төлеген кезде, оның ішінде СМС арқылы да, құны бұрынғыша – 80 ттеңге болып қалады, ал қолма-қол ақшамен құны 150 теңгеге дейін өседі.

Тағы да оқыңыз:

Шымкентте сатушы жігіт елді алдап жүрген алаяқ әйелдің қулығын әшкере қылды (видео)

Қостанай облысында жол апатына тап болған жүкті әйел ішіндегі егіз сәбилерінен айырылды

Атыраудағы мұнай компаниясының асханасында шетелдік жұмысшыларға құпия түрде банан таратылады (видео)

Талқылау