Алматы әуежайында ұшқалы тұрған әуе кемесі жолақтан шығып кетті

Алматы халықаралық әуежайында «Эйр Астана» компаниясының Алматы-Бангкок бағытындағы КС 931 рейсі ұшағы ұшу жолағынан шығып кетті. Төтенше жағдай салдарынан бірнеше рейстің кестесі бұзылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы-Бангкок бағытындағы рейс ұшағы дөңгелектердің жер бетімен үйкеспеуінің кесірінен қозғалтқыштардың реверс күшімен жолақ сыртына шығып тоқтауға мәжбүр болды.

Ұшақтың тежегіш жүйесі істен шыққан жоқ. Әуе кемесі арнайы техниканың көмегімен тұраққа қойылды. Техникалық қараудан соң ұшақты ары қарай пайдалану мүмкіндігі қарастырылады», – деді әуе компаниясының баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бангкокке жетуі тиіс жолаушылар басқа әуе кемесімен 7:35-те ұшып кетті. Бұл төтенше жағдай  бірқатар рейстер кестесінің бұзылуына себеп болды. Астана әуежайының онлайн таблосында көрсетілгендей, қазір елордадан 11 рейс уақытынан кешігіп отыр.

Ал Алматы әуежайында да 10 жуық рейс кешігіп, 4 рейс тоқтатылған. Әуе компаниясы жолаушыларға airastana.com сайты арқылы рейстердің мәртебесін бақылап отыруға кеңес беріп отыр.

Оқи отырыңыз:

Орал тұрғыны өзін Қазақстан азаматтығынан айыруды сұрап отыр

Ескерту: Алматыда жауынның арты көктайғаққа ұласуы мүмкін

Қазақ жерінен табылған «Алтын адам» әлемді аралайтын болды

Павлодарда моншада танысын соққыға жыққан аудан әкімінің орынбасарына қатысты сот үкімі шықты

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
18.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар