Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы әуежайында шұғыл түрде адамдар эвакуацияланды

Алматы әуежайында сынап төгілуіне байланысты адамдар қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарланды әлеуметтік желілерде.

2013_06_10__06_51_57___07

Фото: bazis.kz

“Әуежайда төтенше жағдай. Барлығы эвакуацияланды. Әуе порты қауіпсіздік қызметі “Алматы-Тбилиси” бағытымен сынап алып өтпек болғандардың жолын кескен. Күдіктілер заңсыз әрекеттерін жасырмақ болып, сынапты шелекке құйып кеткен”, – деп жазды әуежайдағы әлеуметтік желі қолданушылары.

Қазіргі уақытта жолаушыларды ішкі істер желілік бөлімі мамандары тексеріп жатыр.

Талқылау