Алматы әуежайындағы қымбатшылыққа халық таң қалуда

Сейсенбі, 8 Желтоқсан , 2015 22:48

Алматы әуежайында ас-судың бағасы әлі де аспандап тұр. Бір бутербродтың бағасы – 2 мың, бір шыныаяқ кофе – 1200 теңгеден сатылып жатыр. Ал тәттілердің құны, тіпті, ақылға сыйымсыз.

Безымянныйll

Бұл туралы STAN.KZ КТК арнасына  сілтеме жасап хабарлайды.

Сондықтан тамаққа ақшасы жетпеген жолаушылар ұшақтарын аш қарын отырып тосуға мәжбүр. Бұған дейін де сараңдығы үшін сөз естіген әуежайдағы саудагерлер қып-қызыл қымбатшылықтың себебін тамақты шетелден тасып жатқандығымен түсіндірді.

Бас айналдырар баға бұл күндері тек әуежайда ғана. Асханасының бәрі кілең ауқатты жандарға арналып ашылғандай. Ішінде бір түйір шұжығы бар бутербродтың ең арзаны – 2000, ал шайдың кесесі 800 теңге. Мұндай бағаға бойы үйренбеген жолаушылар тәбеті ашылса да аш отыр.

Мұнда шәйдің кішкентай ғана пиаласы 500 теңге тұрады. Ал кофенің бағасы болса -1500 теңгеден дейді. Ал круассандардың бағасы -1100 теңге, әрине ол круассандардың көлемі бәліштен шамалы кішілеу. Және мұнда десерттер, тәттілер бар, бір алманың да бағасы тіпті 10 келі алмадан да қымбат тұрады. 1500 теңге.Тамақтанып жатқан бірде бір адам жоқ.

Сөйтсек, сөредегі ас-судың бәрі кілең шетелден әкелінген екен. Тәттілері – Италиядан, ал бәліштері Францияда пісірілген. Сол себепті де бағасы қымбат деп түсіндірді саудагерлер.

Тек тамақты шетелден тасып қымбатқа сатқан әуежайдағы саудагерлерге «әй дейтін әже» болмай тұр. Әуежай басшылығының өзі көпшілік «көрпесіне қарай көсілсін» деп отыр.

Серік Мықтыбаев, Алматы әуежайының вице-президенті: “Қымбат тамақты қалтасы қалың азаматтар алып жейді. Егер ақшасы жетпесе, оны ешкім де қинап жатқан жоқ қой. Ол үшін арзан терминалдар орнаттық”, -дейді.

Ал арзан деген терминалдарда тіске басар түк жоқ. Тек сусын ғана сатылған. Оның өзі – үш есе қымбат. Баға үшін басы дауға қалған әуежай арзан самса, шәй, сусын сататын сауда орнын қойған. Бірақ ол жолаушыларға түсуге болмайтын бірінші қабатта тұр.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар