Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық әуежайларда қауіпсіздік күшейтілуде

Алматы халықаралық әуежайында қауіпсіздік шаралары барынша күшейтілді. Әуежайдағы бас терминалдың кіре берісіне арнайы сканерлік қондырғылар орнатылды. Тіпті, кейбір күмән тудырған жүктер мен жолаушылар арнайы үйретілген иттердің көмегімен тексеріледі.

1

“Жолаушылардың қауіпсіздігін сақтау – басты мақсатымыз. Ал иіс сезгіш иттердің көмегімен әуежай аумағына жарылғыш заттар мен қарудың кіріп кетпеуін қадағалап отырмыз. Әуежай терминалының барлық бағытында кинолог-мамандар жұмыс істеп жатыр. Сондықтан жолаушылардан түсіністікпен қарауды сұраймыз”, – дейді «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ кинологиялық бөлімі бастығы Мұрат Бегасылов.

Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге Алматы халықаралық әуежайы жанындағы кинологиялық қызмет мамандарына жүктелген. Иттер негізінен жарылғыш заттар мен қару-жарақтарды іздестіруге машықтанған. Әзірге әуежай қауіпсіздік қызметінің дерегінше, өткен сенбіден бері айлақ аумағында қандай да бір сезік тудыратын фактілер тіркелмеген.

Әуежай басшылығының айтуынша, мұндай қатаң шаралар Парижде болған лаңкестік оқиғалардан соң қолға алынып жатыр екен.

Талқылау