Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы-Атырау пойызының жолаушылары вагон дәлізінде ұйықтаған

№41 Алматы–Атырау бағытында қатынайтын пойызда түсірілген адам шошырлық суретке «Жолаушылар тасымалы» пікір білдірді.

91998-preview-image
Бұл туралы «Казахстанская правда» жазған.

«Жолаушылар тасымалдайтын пойыздың әр вагонында «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның басшысының телефон нөмірі жазылған. Жолаушылар WhatsApp желісі арқылы аталмыш нөмірге арыз-шағымдарын жібере алады. Ақпарат келіп жеткен соң, «Жолаушылар тасымалы» АҚ президенті сурет авторымен бірден байланысты. Мәселенің жай-жапсарын анықтау үшін Атырау қаласына өндіріс бойынша вице-президент жөнелтілді. Қазіргі уақытта қызметтік тергеу жүріп жатыр. Егер де ақпарат расталса, кінәлілер қатаң жазаланады, жұмыстан қууға дейін барамыз. Жыл басынан бері тәртіп бұзған 124 қызметкермен еңбек шарты бұзылған болатын», – делінген компанияның мәлімдемесінде.

Жолаушы азамат пойызға жиі мінетінін және мұндай жағдайлардың жиі орын алатынын айтады.
“Мен осы пойызға 4-5 жылдан бері айына бір рет мініп келемін. Террорлық қауіптілікке де, басқаға да қарамастан бұл жағдай қайталана береді. Билеті жоқтарды отырғызады, ол аздай ақша үшін кез келген қораптарды ала береді. ҚТЖ-ның «Жолаушылар тасымалы» АҚ президентімен тікелей байланысуға болатынын барша жұрт білсе деймін. Басшылыққа осындай азаматтардың келуімен бұл мәселе оңтайлы шешімін табады деп үміттенемін”, – деп ағынан жарылды пойыз жолаушысы Асқар Екшембеев.

Екшембеев бұл жағдайды назардан тыс қалдыруға болмайтынын айтты.

«Күннің мынадай аптаған ыстығында адамгершілік тұрғысынын да адам тола вагондарды жіберуге болмайды ғой», – деді ол.

Жіберіп алмаңыз:

Қарағандыда ер адам пойыз астына түсіп мерт болды

Пойыз терезесінен сыртқа қарамақ болған жігіттің басы жұлынып кетті

Шымкентте жас қыз құлаққаптың кесірінен пойыз астына түсіп көз жұмды

Ақмола облысында ауыр халде жатқан науқас терезеден секіріп мерт болды

Талқылау