Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы, Астана, Шымкент қалаларында қажет емес заттарды қай жерге өткізуге болады?

Кейде үйімізде жатқан артық заттарды қоқысқа тастауға қимай,  кімге берерімізді білмей жатамыз. Көмекке мұқтаж жандарға көмектескіміз келеді, бірақ бізді қайырымдылық қордың атын жамылып алаяқтар алдап кетеді ме деп тағы қорқамыз. Осыны негізге ала отырып, Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі Алматы, Астана, Шымкент қалаларында орналасқан қайырымдылық қор мен ұйымдардың тізімін жасады. Егер қажет емес киімдеріңізден арылып, жағдайы төмен адамдарға қол ұшын созғыңыз келсе, біз ұсынған мақаламен танысып шығуға кеңес береміз.

Алматы, Астана, Шымкент қалаларында қажет емес заттарды қай жерге өткізуге болады?

“Клуб Добряков” ұйымы.  Алғашында бұл ұйымды 2015 жылы  жағдайы төмен адамдарға көмек көрсету мақсатында Гүлмира Абдырашева есімді азаматша ашқан. Ол  Instagram әлеуметтік желісі арқылы Астанадағы  еріктілердің басым бөлігін біріктіріп, қайырымдылық шараларды өткізумен айналысты. Бүгінгі күні оның ұйымы Қазақстанның бірнеше қалаларында атап айтқанда Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Павлодар, Ақтөбеде  жұмыс істейді:

“Өзім Астаналық ұйымда алғашқы еріктілердің қатарында болғанмын. Сосын Алматыға көшіп келген соң,  2015 жылдың қыркүйек айында “Клуб добряков Алматы” деген ұйымды аштым. Жалпы, біздің қор  Қазақстан аумағында танымал, еріктілер ұйымдастыратын әр шараға Instagram парақшасындағы оқырмандар үлкен қолдау көрсетіп отырады. Осыдан 3 жыл бұрын 70 отбасыға көмек көрсетсек, қазіргі күні 200-ден астам жағдайы төмен отбасыға қамқорлық танытамыз. Ұйым жаңа жыл сайын  Алматы қаласында және облысында тұратын балаларды келе жатқан жаңа жылымен, балалар күнімен құттықтайды.  Егер ұйым өткізетін шараға қолдау көрсеткіңіз келсе, олардың Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшаларына хабарлама жазсаңыз, олар сізге міндетті түрде жауап береді”,- дейді  Алматыдағы  ұйымның жетекшісі Мадина Мырзахметова

Ұйым артық әрі қажет емес заттарды таза, бүтін, үйге киюге жарайтын киімдер қабылданады.

Алматы қаласындағы байланыс телефоны: 8-708-211-52-72 — Динара

Астана қаласындағы байланыс телефоны: 8-777-866-77-11 — Динара

Қарағанды қаласындағы байланыс телефоны: 8- 702-492-55-55 — Зара

Қостанай қаласындағы байланыс телефоны: 8-708-133-89-86 — Зура

Шымкент қаласындағы байланыс телефоны: 8-708-675-74-20 — Наргиза

“Делай доброе дело” ұйымы. Қайырымдылық қорды көпбалалы және жағдайы нашар отбасыларға көмек көрсету мақсатында Алматының  белсенді еріктілері 2 жыл бұрын ашқан.  Қойма үлкендерге және балаларға арналған киімдерді, ойыншықтарды, сүлгілерді, жамылуға арналған көрпелерді, жастықтарды, тұрмысқа қажетті техниканың барлығын қабылдайды. Алайда кітап, лас әрі жыртылған киімдерді, сынған заттарды алмайды.

Мекен-жай: Абай 52Б, Байзақов көшесінің қиылысы., 105 мектептің жаны., Қазком полис ғимараты, 6 қабат

Байланыс телефоны: 8-777-264-32-96 — Елена, 8 701 899 61 60 —  Наталья, 8 702 221 34 72 —  Олеся.

“Первое Творческое Объединение” қоры. Тележүргізуші, продюсер Адель Оразалинованың (Адель Смит) бастамасымен қор  көпбалалы отбасыларға, жетімдерге мұқтаж жандарға көмек көрсету мақсатында ашылған. Қор ұзақ мерзімге дейін сақталатын азық-түліктерді, тұрмысқа қажетті химиялық заттарды, ыдыс-аяқтарды, төсек жабдықтырын, сүрінуге арналған сүлгілерді, бесіктерді, сабаққа арналған дәптерлер мен оқулықтарды, киімдерді қабылдайды. Оқулыққа деген оқушылардың сұранысы зор, сондықтан бар болса, оқулықтарды қорға барынша көптеп тапсырғаныңыз жөн. Ал биік өкшелі аяқ-киімдер мен  алды, арты ашық киімдерді қордың қабылдамайтынын да біліп жүріңіз.  Бұзылмаған заттарыңыз бен таза киімдеріңіздің барлығын үлкен сөмкелерге салып, еріктелерге тапсырыңыз. Сіз заттарды тапсырған соң,  олар мұқтаж жандарға заттарды  таратып береді.

Мекен-жай: Шағабутдинов көшесі, 125а, Жамбыл көшесінен төмен жерде 42 офис орналасқан. Қор 2-қабатта.

Байланыс телефоны: 8-701-115-60-91

“Аяла” қоры.  Қор 2007 жылдың 28 наурызында, кәсіпкер Айдан Сүлейменованың бастамасымен ауруға шалдыққан балаларға көмек көрсету мақсатында   ашылған . “Аяла” 11 жылдың ішінде еліміздегі барлық  перзентханаларға  3 миллиардтан астам теңге көлемінде қайырымдылық жасаған. Әр жыл сайын еріктілер республикамызда балаларға медициналық аппаратураның аздығынан  сапалы қызмет көрсете алмайтын ауруханалар мен емханаларды қажетті техникамен қамтамасыздандырып келеді. Оның “Тыныс ал, балақай”, “Менің де өмір сүргім келеді”, “Өмір сыйлайық” атты жобаларының арқасында жүрек ауруымен ауыратын балалар жазылды, нәрестелер өлімі азайды және жансақтау бөлімінде  жатқан балаларға жоғары дәрежеде көмек көрсетілді.

Егер балаларға қалай көмек көрсетеріңізді білмей жүрсеңіз, ұялы телфоныңыздан 9962 нөміріне sms-хабарлама жіберуге мүмкіндігіңіз бар. Sms-хабарламаның құны Аktiv,  Kcell абоненттері үшін 200, ал Tele2 абонентттері үшін 300 теңгені құрайды. Сонымен қатар, балаларыңызға кішкентай болып қалған қажет  емес киімдерді, ойыншықтарды мына мекен-жайлар  бойынша “Аяла” қорының бокс-контейнерларына  табыстай аласыз.

Астана қаласындағы мекен-жайлар:

“Керуен” ОСК., Chateau Viled дүкені

“Хан-Шатыр”  ОСК., Mexx дүкені

“Хан-Шатыр”  ОСК., New- Yorker дүкені

Байланыс телефоны: +7 (7172) 79 90 20.,  +7 701 758 50 42

Алматы қаласындағы мекен-жайлар:

Орталық Галерея. Самал-2 ш/а, 67

“Cartier” бутигі. Самал-2 ш/a, 67

“Chateau Viled” бутигі.  Самал-2 ш/а., 67

«Tiffany» бутигі. Самал-2 ш/а., 67

Байланыс телефоны: 8- 727 327 60 43,  8-727-356-17-38

“Дара” қайырымдылық қоры. Жетім балалардың және мүмкіндігі шектеулі балалардың  өмірін жақсарту мақсатында ашылған қор әлемдегі барлық балалар бірдей жағдайда өмір сүруге құқылы деген ұранды ұстанады. Балалар киіміне деген сұраныс үлкен екенін бәріміз білеміз. Сондықтан таза, жыртылмаған киімдерді қордың бокс-контейнерларына табыстауыңызға болады.

Астана қаласындағы мекен-жайлар:

“Сарыарқа” ОСК, Тұран 24 көшесі, “Orchestra” дүкені

Хан-шатыр ОСК, Тұран 37 көшесі, “Name it” дүкені

Қонаева көшесі, 14/1 “Bon Bon”  дүкені

Алматы қаласындағы мекен-жайлар:

“Есентай Молл” ойын-сауық кешені, Аль-Фараби көшесі, “Baskin Robbins” кафесі

Гоголя 77 көшесі, “Armonia” дүкені

Достық көшесі, 116 “Sergio Interiors” дүкені

Байланыс телефоны:

8-7172-73 -88 -39

8- 7172- 73-88-40

8- 701 -932- 02-82

 

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады!

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Талқылау