Алматы Арбатындағы өрт ауыздықталды

Сәрсенбі, 27 Шілде , 2016 10:31

Алматының Арбат орталығында тұтанып, жан-жақты шарпыған өрт сөндірілді. Бұл туралы қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова хабарлады.

6bb13db6637a47406d13fe83d73444a6

Ғимарат шатырының жанып жатқаны туралы ақпарат “101” жедел нөміріне таңғы сағат 07.49-да келіп түскен.

42ced4bbce770f5c92ee8125dabfa989

Оқиға Панфилов көшесінде орналасқан “Д.А.Қонаев Халықаралық қоры”, 99 ғимаратында болған. Ғимарат 1860 жылы тұрғызылған. Оқиға орынына жедел қызмет өкілдері 4 минуттан соң жеткен.

7b63cf7defb14a57126551ab21ed06b0

“Өртті сөндіру ғимараттың құрылымына байланысты біраз қиынға соқты. Оның үстіне шатыры да екі қабатты металмен қапталған. Өрт сөндіру кезінде материалдық құндылықты заттар шығарылды”, – деді ТЖД өкілі.

Арбаттағы өрттен соң Қонаев қорынан оның түпнұсқа портреті шығарылды.

Қабылданған шаралардың арқасында өрт сағат 09.26-да толықтай өшірілді. Өрттің шарпу көлемі 150 шаршы метрді қамтыған. Зардап шеккендер жоқ.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
30.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар