Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Назым Қызайбайға 1 миллион теңге мен автокөлік сыйлады

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек бокстан әйелдер арасында екі дүркін әлем чемпионы атанған алматылық Назым Қызайбайды құттықтады.

42_wide

Дәстүрлі велошеруден кейін әкім әлем чемпионын Астанада қол жеткізген жетістігімен құттықтап, оған көлік кілтін табыстады. Бұл туралы Фейсбук парақшасында әкімдік баспасөз қызметінің қызметкері Еркебұлан Кенжеболатов хабарлады.

13339555_10208421030297745_373005367813273624_n

Сондай-ақ, спортшыға 1 миллион теңгенің сертификаты мен қаладағы танымао фитнес-клубтардың біріне жылдық тегін абонемент берілді. Ал оның жеке бапкері Жұмабек Өмірзақовқа да миллион теңге табыс етілді.

13319871_10208421030737756_4904099718931939602_n

Бұған дейін де Назым Қызайбайды бірінші мәрте әлем чемпионы атанған сәтте, сол кездегі қала әкімі Ахметжан Есімов те құттықтаған. Бірақ, әкім боксшыға небәрі велосипед ғана сатып алуға жететін қаражат бергені мәлім болған еді.

82135_tn

Спортшы өз мансабында екі мәрте әлем чемпионы деген атақты ұтып алды. Бірақ, Астанадағы әлем чемпионатында 48 келіде өнер көрсетуі себепті Риодағы олимпиада ойындарына жолдама ала алған жоқ.

Талқылау