Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі кезекті велошеру маусымын ашты (фото)

Бүгін Алматыда кезекті бесінші велошеру маусымы ашылды. Осыған орай, биылғы алғашқы велошеру шарасы таңғы сағат 08:30-да әл-Фараби даңғылы мен Тәттімбет көшесінің қиылысында басталып, Тұңғыш Президент саябағының алдында аяқталды.

байбек-вело

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

Жалпы қашықтық – 9 шақырымды құрады. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Алматы қаласының 1000 жылдық мерейтойына арналған бұл спорттық шараға 3 мыңнан астам адам қатысты. Олардың ішінде Алматы әкімі Бауыржан Байбек пен «Алматы аруы-2014» байқауының жеңімпазы Регина Вандышева да болды.

«Біз бұл күнді барлығымыз да асыға күттік. Болжам бойынша бүгін жауын-шашын болуы мүмкін еді. Алайда, бұлт сейіліп, күн жарқырап шығып, көңілімізді шуақтандырып жіберді. Мен барлықтарыңызды кезекті веломаусымның ашылуымен құттықтаймын!вело-байбек

Биыл қаламызда 6 велошеру өтеді. Алматыда бұқаралық спортты дамытуға барлық жағдай жасалған.

Ал велосипед нағыз демократиялық спорт түрлерінің бірі. Атақты ғалым Альберт Эйнштейннің: «Велосипед өмір секілді: тепе-теңдікті сақтағың келсе, үнемі қозғалыста болуың керек», –  деген сөзі бар. Ол өзі де велосипеед тепкенді жақсы көрген. Әлемде машиналардың саны 400 миллионнан асса, велосипедтердің саны олардан үш есе көп. Біздің қаламызда да дәл осындай ара қатынас сақталады деген үміттемін», – деді қала басшысы.

Ал велошеру аяқталған соң, қатысушылар естелік сыйлықтармен мараптталды. Сонымен қатар, Тұңғыш Президент саябағының алдында викторина байқауы және концерт ұйымдастырылды.

Талқылау