Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Байбек ашаршылық құрбандарына ескерткіш орнатамын деп уәде берді

Кеше елімізде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аталып өтті. Қаралы күн, түрмелерінде 62 елдің өкілдерін азапталған Қарағанды үшін ерекше дата. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

ымым

Сурет saigez.kz

Сондықтан Спасск мемориалдық кешеніне қарашайлар мен балқарларға арналған ескерткіш ашылды. 1943 жылдың қарашасында арқа даласына қарашайларды тиеген пойыз 18 күн жүріп келген екен. Жарты жылдан кейін осындай азап жолымен балқарлар да жеткізіліпті. Кавказ жерінен айдауға түскен 108 мың адамның жартысы 5 мың шақырым жолдың бойында жан тапсырған. Алыс жолда көз жұмғандардың дені кішкентай балалар екен. Сол қыршындардың аруағының разылығы үшін ұрпақтары Спасск кешеніне мына құлпытасты орнатты. Олар ескерткіш тастың өзіне де өзекті өртейтін өкініштің табын түсіруге тырысыпты.

“Мынау жаралы тас, қуғын сүргінге түскен жұрттың жаралы жаны. Ал құздан құлап бара жатқан поезд, біздің ата бабаларымызды мәңгі мекенге алып кеткен ажал поезды. Енді қолымыздан дұға жасау ғана келеді, өйткені бабаларымыздың сүйегін де таба алмадық”, – дейді Қарашай-Балқар этномәдени бірлестігінің төрайымы Людмила Хочиева.

Ал Алматыда 1931-33 жылдардағы ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш ақыры ашылатын болды. Оның орны қаладағы шағын саябақтардың біріне 1993 жылы белгіленіп, сол жерге қара тас қойылған еді. Ол содан бері ұмыт қалғандай болған. Ал бүгін атаулы күнге орай өткен жиында Алматы әкімі Бауыржан Байбек аталған ескерткіштің орнатылатынын хабарлады.

Талқылау