Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімдігінің 50-ден астам қызметкері жұмысқа велосипедпен қатынайды (фото)

Алматы әкімдігінің 50-ден астам қызметкері бүгінде жұмысқа велосипедпен келетін болған.

н

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

Бұған дейін Алматы қаласы әкімшілігінің қызметкерлері жұмысқа велосипедпен қатынап жүргенін хабарлаған едік.  Алматы әкімінен бастап әкімдіктің 86 қызметкері велосипедке көшетіні туралы да хабарлаған болатынбыз.

Безымянный

Велосипедке отырып зулағанды ұнататындардың бірі өнеркәсіп кәсіпорындары жұмысын мониторингілеу бөлімінің бас маманы Азамат Байкөбесов. Метромен жету әлдеқайда жылдам болғанымен, бұл жігіт екі доңғалақты көлікті құп көретін болып шықты.

«Екі айдан бері жұмысқа велосипедпен қатынап жүрмін. Бұған дейін метромен жүретін едім. Бұл өте ыңғайлы, өйткені өзім таңертең тұрып жүгіргенді ұнатамын, бірақ қазір ондай мүмкіндік азайды. Есесіне велосипед күн сайынғы жүгіруді алмастырды», – дейді Байкөбесов.

г
Шенеуніктерге велосипедке отыруға Алматы әкімі Бауыржан Байбек ұсыныс тастаған болатын. Осы мақсатта қала басшысы қызметкерлеріне барлық жағдай да жасады. Мұнда әрқайсысына 20 көлік сиятын 4 тұрақ қойылып, дущ кабиналар орнатылған. Десек те жұмысқа велосипедпен келетіндер саны 50-ден асып кетсе де, шайынып жығу үшін ығы-жығы болып жатқан адам қарасы жоқ.

«Өзімнің белгілі бір уақытым бар, сол уақытта дущ әрдайым бос болады. Жалпы, қазіргідей заманда денсаулығыңды қалыпта ұстау маңызды, олай болмаған күнде өмір сүру қиындай түседі», – дейді әкімдік қызметкері.

Қала әкімдігінің айтуынша, ведомствоның меншігінде велосипед көлігі жоқ. Оны әркім өзі сатып алады. Айтпақшы, велосипед айдағанды ұнататындар оны қолдап сатып алып жүр. Бағасы 25 мыңнан 30 мың теңге шамасында. Бұл өте қарапайым велосипедтер. Ал жылдам әрі ыңғайлы, қажетті гаджеттері бар велокөлік бірнеше есе қымбат тұрады.

Баспасөз қызметі атап өткендей, қала әкімшілігі велосипедпен қатынайтын қызметкерлеріне қажетті жағдай жасапты. Қала әкімінің өзі де велосипед тепкенді ұнатады, дегенмен қос дөңгелекті көлікке әзірге тек бұқаралық спорттық шараларда ғана отырып жүр.

Талқылау