Алматы әкімдігі мен Мәдениет министрлігіне шағымданған фотограф сотта жеңді

Алматыда қалалық әкімдік пен Мәдениет министрлігін сотқа берген фотограф, іс соңында жеңіске жетті,-деп жазды КТК арнасы.

Енді оның суретін рұқсатсыз пайдаланып, авторлық құқықты бұзды деген қалалық ішкі саясат басқармасы шағымданушыға 680 мың теңге өтемақы төлейтін болды.

Бірақ, кейбір жайттар назардан тыс қалды деген фотограф Сәрсенбек Қызайбекұлы,  соттың шешіміне қанағаттанбайтынын айтады.

«Басында 1 миллион 500 мың теңге көлемінде талап еттік қой. Қазір 300 айлық есептік көрсеткіш көлемінде.

Біз сотқа шағым түсірген, яғни 2017 жылмен есептесе, 680 мың теңгені құрайды. Енді бұл аз. Себебі, Алматы қаласы бойынша суреттер өте көп ілінді билбордтарға.»,-дейді  фотограф Сәрсенбек Қызайбекұлы.

Фотограф Сәрсенбек Қызайбекұлының тағы да көңілін күпті еткен нәрсе -соттың шешімінде Мәдениет министрлігінің аты аталмапты. Сондықтан жақын күндері апелляциялық шағым түсіріп, істі соңына дейін жеткіземіз дейді.

Естеріңізге салсақ, Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау барысында Мәдениет және спорт министрлігі мен қалалық әкімдік автордың туындысын еш келісімсіз қолданғаны дәлелденген болатын. Бірақ, алғашында министрлік өкілдері хабарласып, одан рұқсат сұраған екен.

Ал, автор 50 мың теңге қаламақы талап еткенде, құзырлы ведомство әңгімені жылы жауып тастапты.

Алайда, арада ай өткесін Алматының көшелерінде автордың туындысы басылған билбордтар бірінен соң бірі іліне бастаған. Осылайша алғашында 50 мың теңгені көпсінгендер, енді 13 есе артық өтемақы төлеуге міндеттелді.

Оқи отырыңыз:

Ерекше әрі сұлу көріну үшін саусағына пирсинг жасатқан бойжеткендер жұртты шошытты (фото)

Босанып жатқан әйел құрсағындағы нәрестені өзі шығарып алды (фото)

Кофе ішуді доғарудың маңызды бес себебі (фото)

11 жасар қыз әкесінің өмірі үшін 5 келі салмақ қосты

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар