Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімдігі қалада берілетін бос жер телімдері жоқ екенін хабарлады

Алматыда жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін бос жер телімдері жоқ. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

image136692

Сурет news.caravan.kz

“Алматы қаласы аумағында бос жер телімдерінің жоқ екендігіне байланысты қазіргі таңда жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу мүмкін емес”, – делінген хабарламада.

2006 жылы 20 қарашадағы қалалық мәслихаттың шешімімен қала аумағындағы жер көлемі бекітіліп қойған. Ал жаңа құрылыстың салыну туралы әлі қарастырылмаған.

Қазақстанда анонимді СМС-хабарлама жіберу арқылы Астана мен Алматы қалаларында бірқатар азаматтар жеке тұрғын үй құрылысы үшін тегін 10 сотық жер алуға өтініш білдірген. Осыған дейін ұлттық экономика министрлігі аймақтарда жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер беру мәселесі қарастырылып жатқанын айтқан еді.

Осыған дейін Қазақстандықтарға заң бойынша тегін 10 сотық жер таратылмақшы деген ақпарат таратылған еді.

Талқылау