«Алматы-2» вокзалы жабылуы мүмкін

Алматыдағы «Алматы-2» ірі темір жол вокзалы  жабылуы мүмкін. Оның басты себебі – өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы. Алматы ТЖ жөніндегі департаменті сотқа тиісті қуыным берген, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

 «Алматы-2» вокзалы жабылуы мүмкін

Құтқарушылар былтыр вокзалды тексерген еді. Сол кезде өрескел бұзушылықтар анықталыпты. Олардың жалпы саны – 14.

ТЖД-дағылардың сөзінше, қазіргі уақытта вокзалдағы 2 бұзушылықтан өзгесі жойылған. Яғни ғимаратта өрт сөндіру қызметі жоқ және дабыл беру жүйесі жұмыс істемейді.

Ал вокзал басшылығының сөзінше, бұзушылықтардың бәрі жөнделген. Өз кезегінде «Қазақстан темір жолы» сот шешімімен келіспей, аппеляциялық шағым түсірді. Ол бір аптадан кейін қаралатын болады. Яғни «Алматы-2» вокзалының тағдыры да сол кезде шешіледі.

«Қазақстан темір жолы» АҚ басшылығы  аппеляциялық шағым түсірді. Қазіргі уақытта вокзал штаттық тәртіпте жұмыс істеп жатыр. 18 шілдеде қаралатын болады. Ол уақытқа дейін Алматы ТЖД тағы тексеріс жүргізеді. Сол уақытта барлық мәселені шешеміз», – дейді «Алматы-2» темір жол вокзалының басқарушысы Айжамал Жақсылықова.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
20.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар