Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматының орталығында Yuframe тобындағы Каринаның көлігін тонап кетті (видео)

Алматының қақ ортасында Yuframe тобындағы танымал вайнер Карина Өксікбаеваның көлігін тонап кетті. Бұл туралы жас қыз Instagram желісінің сторисінде айтып, ұрылардың «жұмысын» көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматының орталығында Yuframe тобындағы Каринаның көлігін тонап кетті (видео)

Карина жариялаған видеодан екі көлікті сындырып кеткені көрінеді. Мұны вайнердің өзі растап отыр. 

«Реніш тудырады. Екі көлікті де сындырып, түк қалдырмай тонап кеткен. Шок болдым. Полиция келе жатқан жоқ. «Қайда тұрасыз? Не болып қалды? Қашан болды?» - деп сұрайды. Келе жатқан жоқ, тұтқаны тастай салады», - деп шағымданды Карина. 

 

Артынша стористе полицейлердің жұмысы түсірілген видео жарияланды. 

Tengrinews.kz порталының мәліметінше, тәртіп сақшылары қылмыс дерегін тіркеген. 

«Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталады. Аталған қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтау үшін, шұғыл шаралар кешені қабылданады», - дейді қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр