Алматылық зейнеткер дүкеннен сатып алған сүт ішінен мүшеқап шыққанын айтты

Алматылық зейнеткер Қизат Унаева дүкеннен сатып алған сүт ішінен мүшеқап шыққанын айтып шағымданды, деп хабарлайды КТК.

Алматылық зейнеткер дүкеннен сатып алған сүт ішінен мүшеқап шыққанын айтты

61 жастағы зейнеткер мұндай жағдайға тап келем деп ойламаған. Сүтті ыдысқы құя бастағанда, әлдене кедергі болып сүт ақпай қалғанын айтады. Кейін қайшымен кескенде, қорап ішінен мүшеқап шығады. 

"Мүшеқаппен бірге небір ауру сүтке тарады. Оны байқамай іше бергенде не болар еді? Бір жыл бойы осы сүтті сатып алып жүрдім. Енді мынадай болып тұр", - дейді зейнеткер. 

Ол дүкенге барысымен жағдайды айтады. Ал, сатушылар өндірушілермен телефон арқылы сөйлестіргенде компания қызметкерлері зейнеткердің жала жауып тұрғанын айтып құлақ аспайды. 

"Осынша жасқа келгенде мүшеқапты мен қайтемін. Ойдан шығарғанда маған не пайда?", - дейді зейнеткер.

Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті зауытта ішінара тексеру жүргізілетінін, егер кінәсі табылса шара қолданылатынын мәлімдеді. 

Ал, Ззуыт зертханасының меңгерушісі Елена Ахметжанованың айтуынша, сүтті дайындау процесі толығымен автоматталған жүйеде жүреді. Ешбір қызметкер араласпайды. Сондықтан мүшеқаптың сүттен табылуы мүмкін емес дейді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр